Ермек Тұрсыновтың шығармашылығы. «Шеберлік дәріс»
Ермек Кәрімжанұлы Тұрсынов — қазақстандық жазушы, кинорежиссёр, сценарист, бұрынғы Қазақстанның мини-футболдан құрамасының ойыншысы.
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетін тәмәмдап, кейін ВГИК-тың сценарлы-кинотану факультетін аяқтаған.
Ермек Тұрсыновтың режиссерлік мансабын «Келін» фильмінен бастады. Кинокритиктер «Легенда о Нараяме» фильмімен ұқсастықты тапты. Бұл фильм («Келін») Америка Киноакадемиясының шешімімен «Оскар» премиясына лауреат ретінде «Шет тілдік ең үздік фильмдер» қатарына кірді.
2012 жылдың қазанында прокатқа «Шал» атты жаңа кинофильмі шықты. Ол Эрнест Хэмингуэйдің «Старик и море» деген кітабының мотиві бойынша түсірілген. Алматы қаласында өткен XIII «Выбор года» фестивалінде «Шал» фильмі «Жыл фильмі» атағына ие болды. Фильмге жылдың ең үздік туындысы ретінде Қазақстан халық «Құлагер» премиясы берілген. 2013 жылы «Киношок» фестивалінде фильм гра-приге ие болды. 2014 жылы «Ника» премиясына ТМД және Балтия елдерінің «Ең үздік фильмі» атына үміткер болды.