Бөлек әлем. «Жаңа қадам»
Иә, қазіргі дәуір – жаһандану, даму кезеңі. Десекте, дүниежүзілік дамулар, ағымдар, сан алуан түсініктер бүгінгі жас үшін қызық болғанымен, ақ-қарасын ажыратуға сіз бен бізден көмек қажет. Өздерін «эмо», «хиппи», «граффер», «паркур», «хакер» деп атап жүрген жас буын субмәдениет туралы не біледі? Бұл өзі қайдан шыққан мәдениет, мақсаты не? Ғасыр бұрын пайда болып, сананы улаған «субмәдениет», бүгінгі алаңда талқы болмақ.